- сентябрь 19, 2025
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша жаңа прогрессивті мөлшерлемелер енгізіледі. Бұл өзгерістер жалақы деңгейіне байланысты болады. Егер қызметкердің жылдық табысы 8 500 АЕК-ке дейін болса, ЖТС мөлшерлемесі 10% құрайды. Ал егер табыс осы сомадан асса, онда салық мөлшерлемесі 15% болады.
Бұл жаңашылдық ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының аясында жүзеге асырылады. Жаңа мөлшерлемелер Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 363-бабында бекітілген.